Атырауда 20 жезөкше ұсталды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда интимдік қызмет көрсеткен 20 жезөкше ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел әрекет ететін взвод жасағын жұмылдырып, 7-9 қыркүйекте «STOP-Трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
«Атырау қаласының Авангард мөлтек ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притон анықталды. Ал, Ескі базар ауданында екі қабатты тұрғын үйдің бірінде интимдік массаж түрімен қызмет көрсететін төрт қызметкер және әкімшісі анықталды. Жеңіл жүрісті айналысатын 20 жезөкше есепке қойылды.
Қазір притондар анықталған пәтер иелеріне қатысты көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 450-бабымен іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр. Ал 6 адамға хаттама толтырылды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда іздеуде жүрген күдікті психотропты дәрілерді заңсыз тасымалдағанын жазған болатынбыз.