Атырауда 22 жастағы жігіт оқ жарақатымен ауруханаға түсті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда травматикалық қарудан жарақаттанған бір адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда 22 жастағы жігіт оқ жарақатымен ауруханаға түсті

Бұл деректі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Атырауда 26 қараша күні түнгі сағат 1:35 шамасында 21 жастағы тұрғын травматикалық қарудан оқ атқан. Салдарынан 1999 жылы туған тұрғын сол аяғынан жарақат алып, облыстық ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасын жүргізіп, аталған іске күдіктіні ұстады», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Травматикалық қарудан оқ атқан күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сəйкес жариялауға жатпайды.