Атырауда 2gis қосымшасына суға түсуге тыйым салынған аумақтар енгізілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 2gis мобильді қосымшасына суға түсуге тыйым салынған аумақтар енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, азаматтық қорғау майоры Ғабит Бабаевтың айтуынша, 15 маусымда суға шомылу маусымы бастлаған.

«Тұрғындарға қосымша ақпарат беру үшін «2gis» ЖШС-мен бірлесе 2gis мобильді қосымшасына суға шомылуға тыйым салынған аумақтар енгізілді. Күн сайын Атырау қаласында адамдар көп шоғырланатын нысандарда «Судағы қауіпсіздік ережелері» LED экрандар мен дыбыс күшейткіштер арқылы кеңінен таратылып отыр», дейді Ғабит Бабаев.

Оның айтуынша, суға шомылу маусымы басталғанға дейін қала аумағындағы қауіпті учаскелерде 125 белгі қойылған. Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Атырау қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мен жергілікті полиция қызметкерлері күніне 2 рет рейдттік іс-шара жүргізіп жатыр.

«Биыл Атырау қаласында Жайық өзенінің жағалауында 5 жағажай жұмыс істейді. Бұлар – «Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешені маңындағы «Евразия» ЖШС-нің, И.Мечников көшесіндегі «Атырау саябақ», «Тұрғын үй қалашығы» шағын ауданындағы «НОМАД» (Малибу) және «LUCH» жағажайлары. Енді қала маңында орналасқан

Ауылдық округтердің аумағында коммуналдық жағажай ашу мәселесі қарастырылып жатыр», -деп хабарлады Ғабит Бабаев.

Еске сала кетелік, бұған дейін Қазақстан мен Ресей өрт сөндірушілері бірлескен жаттығу өткізіп жатқанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар