22:40, 16 Тамыз 2019 | GMT +6
Атырауда 30 гектар аумаққа саябақ салынады
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 5 гектар аумаққа саябақ салынбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Саябақ «Нұрсая» шағын ауданында салынады. Ол Жастар жылы аясында жастарға арналып салынбақ. Саябаққа қажетті 5 гектар жер бөлініп қойған. Қазір жоба-сметалық құжаттары дайындалып жатыр. Биыл ол мемлекеттік сараптаудан өтуі керек. Құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталады деп күтілуде»,-деді қалалық құрылыс бөлімінің жетекшісі Айбек Жәлелов.
Осыған дейін бұл аумақ жеке тұлғаға тиесілі болатын. Лайда ол кейін мемлекет иелігіне қайтарылды.