Атырауда 320 миллиард теңгенің меморандумына қол қойылды ? Өмірзақ Шөкеев

АТЫРАУ. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ – Атырау облысында жұмыс сапарымен жүрген ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев бүгін қазақстандық мөлшерді арттыру мәселелері бойынша республикалық өңірлік кеңес өткізді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Кеңеске ірі шетелдік және Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан келген ұлттық компаниялардың, холдингтердің, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты. Өмірзақ Шөкеевтің хабарлағанындай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет экономиканың іс жүзіндегі секторына қатысты дағдарысқа қарсы бағдарламаны іске асыруда. Осы бағдарламадағы негізгі орынды ірі компаниялардың жобаларындағы отандық тауарлар мен қызметтердің үлестерін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар рыногында жүзеге асырылатын сатып алулар проблемалары алады. Өткен жылдың қорытындылары бойынша олардың жалпы көлеміндегі қазақстандық қызметтердің мөлшері ? 80 пайызға, ал тауарлар ? небәрі 20 пайызға теңелді.Үкімет басшысының бірінші орынбасары атап айтқанындай, бұл барынша аз және Үкіметті қанағаттандырмайды. Сондықтан, ішкі рынокта тауарлар мен қызметтерді барынша мол сатып алуға компанияларды итермелейтін бірқатар іс-шаралар қабылданатын болады. Үкімет әрбір нақтылы жер қойнауын пайдаланушылар бойынша жағдайды мұқият қадағалайтын болады. Тауарлар мен қызметтерді сатып алу үлесін іс жүзінде арттыратын жер қойнауын пайдаланушылар салықтық жеңілдіктер алады ? осы үшін Салық кодексіне тиісті түзетулер енгізіледі. Үкіметтің өтінішін елемеген компанияларға әкімшілік және кедендік саясат, бәсекелестік туралы заң арқылы өзге де шаралар қолданылады. Ұлттық компаниялар басшыларының шетелдерден қандай да бір тауарды Қазақстанда ұсынылатын сапа және баға бойынша сатып алғаны анықталса әкімшілік жауапкершілікке тартылады.Кеңестен кейін бірқатар компаниялар Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының тауар өндірушілерімен және қызметтерді берушілерімен тауарлар мен қызметтерді сатып алу туралы меморандумға қол қойды. Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, осы үш аймақта жүздеген миллиард теңгенің тауарлары мен қызметтерін сатып алу туралы шетелдік және ұлттық компаниялармен, ірі холдингтермен уағдаластыққа қол жеткізілді. Тек Атырау облысында ғана бұл сан 320 миллиард теңгені құрайды ? осы сомаға биылғы жылы атыраулық түрлі компаниялар өндірушілерден тауарлар мен қызметтер сатып алуға уәде етті.
Соңғы жаңалықтар