18:47, 29 Қаңтар 2019 | GMT +5
Атырауда 4 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен 4 жасар бала көптеген жарақаттармен жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бала Атырау облыстық балалар ауруханасына көптеген жарақаттармен жеткізілді. Баланың басынан қан кетіп, ауыр деңгейде жарақаттанған, иық және жамбас сүйектері сынған», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Дәрігерлердің айтуынша, жансақтау бөлімінде жатқан баланың жағдайы тұрақты.
Автор: А.Соколов