Атырауда 41 жастағы ер адам жоғалып кетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласының 41 жастағы тұрғыны жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда 41 жастағы ер адам жоғалып кетті

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментіне бүгін, 6 шілде сағат 12:15-те жоғалған азаматтың әйелі хабарлаған.

«Атырау қаласының «Береке» ықшамауданында тұратын А.Дүйсембиев деген азаматтың жоғалып кеткені туралы әйелінен хабар түсті. Оның 1979 жылы туған күйеуі 1 шілде сағат 22:35-те үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері үйіне оралмаған» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір жоғалған азаматты жедел-құтқару жасағының 10 қызметкері іздестіріп жатыр. Іздеу жұмыстарына 2 техника, 1 кинолог жұмылдырылған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда екі адам Сағыз өзеніне батып кеткен еді.