Атырауда 44 жастағы мас әйел көпірден секірмек болған

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 44 жастағы мас әйел көпірден секірмек болған. Полиция қызметкерлері мас әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға Атырау қаласында 15 мамырда болған. Бұл туралы 102 арнасына сағат 00:50 шамасында хабар түскен.

«Атырау қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, орталық көпір үстінен секіргелі тұрған әйелді құтқарып қалды. Тексеру кезінде 1979 жылғы әйелдің жеңіл дәрежеде мас күйде болғанын анықталды. Ол жедел тергеу тобына тапсырылды. Оның не себептен суицид жасамақ болғаны анықталып жатыр», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын 23 жастағы атыраулық он алтыншы қабаттан секіруге оқталғанын хабарлаған болатынбыз.

Жас жігіт Атырау қаласындағы «Алмагүл» шағынауданында орналасқан тұрғын үйдің 16-қабатынан секіруге оқталған. Оны құтқару үшін оқиға орнына Атырау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының взвод командирі Данабек Сақуов, қызмет инспекторлары, полиция аға лейтенанты Айдос Құбиев пен полиция лейтенанты Серік Жолдығалиұлы жедел жеткен.

«Полицейлер жоғарғы қабатқа көтерілгенде, ер адам өзіне жақындамауын ескертіп, айғайлай бастаған. Жағдайды бағдарлаған полицейлер ер адаммен диалог құруға тырысқан. Олар ыңғайлы сәтте шапшаң қимылдап ер адамның арқасынан ұстап, балконға тартып кіргізген», - деп хабарлаған еді департаменттің баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар