Атырауда 47 жастағы ер адам Жайыққа батып кетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 47 жастағы ер адам Жайыққа батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда 47 жастағы ер адам Жайыққа батып кетті

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, оқыс оқиға сағат 18:55 шамасында болған.

«Атырау қаласына таяу орналасқан Рыбник саяжайына бір адам демалуға келген. Олар Жайық жағалауына барып, суға түсуге тыйым салынған жерде шомылған. Суға түскендердің бірі – 1974 жылы туған азамат батып кетті» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оқиға орнына келіп, іздестіру-құтқару жұмысын жүргізді. Сүңгуірлер судан сағат 19:15-те суға жігіттің денесін алып шыққан.

Еске сала кетелік, бұдан Атырау облысында жыл басынан бері 19 адам суға кеткенін хабарлаған болатынбыз.