Атырауда 5 жаяу жүргіншілерге арналған жерасты өткелі салынады
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда жаяу жүргіншілерге арналған 5 жерасты өткелі салынады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
аты«Жерасты өткелдері теміржол вокзалы маңындағы Баймұханов көшесінде, «Светлана» аялдамасы маңындағы Махамбет көшесінен, Азаттық көшесінің бойындағы Мемлекеттік кірістер департаменті ғимарытының маңында, Сәтпаев пен Тайманов даңғылдарының маңындағы Музыка академиясына жақын орналасқан Сәтпаев көшесі сияқты адамдар көп жүретін қауіпті аумақтарда салынады»,-деді қалалық құрылыс бөлімінің жетекшісі Тимур Басаров.
Жау жүргіншілерге арналған өткелдердің құрылысына қажетті жоба-сметалық құжаттар дайын. Құрылыс жұмыстары бір-екі күннен соң басталады.