Атырауда 50-ден астам адам жиналған отбасылық іс-шара тоқтатылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 50-ден астам адам жиналған отбасылық іс-шара тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 12 мониторинг тобы адамдар көп жиналатын мейрамхана мен дәмханаларды күн сайын тексереді.

«Мониторинг топтары соңғы үш күнде 100-ден астам орынды тексерді. Нәтижесінде «Royal Hall», «Император» мейрамханалары, «Café inn», «Foodline», «Ginza», «Аққайың» дәмханалары, «Sky» бары, «Wine Time», «Дөнерстан», «Neft street food» тамақтану орындары мен «БР-2» серуендеу кемесінде карантин шектеуі сақталмағаны анықталды. Ал, Алмалы ауылдық округінде 50-ден астам адам жиналған отбасылық іс-шара тоқтатылды», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында көпшілік іс-шараларды өткізу тоқтатылатынын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар