Атырауда 6 адам табиғи газға уланып, ауруханаға түсті - ТЖМ

АСТАНА. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат - Атырау қаласында табиғи газға уланған 6 адам, оның ішінде 10, 5 және 3 жастағы балалар ауруханаға жеткізілді,

Атырауда 6 адам табиғи газға уланып, ауруханаға түсті - ТЖМ

деп хабарлады ТЖМ-ның баспасөз қызметі.

Улану оқиғасы Жұмыскер-2 кентіндегі жекеменшік тұрғын үйде қаңтардың 22-сі күні таңсәріде орын алған.

Сондай-ақ, ТЖМ-ның ақпаратына сәйкес, қаңтардың 21-і күні 05.47-де Жамбыл облысы Жалпақтөбе ауылында пештің ақауы салдарынан иіс тиіп уланған үш адам, оның ішінде 11 жастағы жасөспірім ауруханаға жеткізілген.