Атырауда 6 жасар қыз дәретхана шұңқырына құлап қайтыс болған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау қаласында 6 жасар қыз жеке үйдің дәретхана шұңқырына құлап қайтыс болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда 6 жасар қыз дәретхана шұңқырына құлап қайтыс болған

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға бүгін, 13 маусымда қаладағы «Қара депо» шағынауданында болған. Жергілікті уақытпен сағат 19:50 шамасында 6 жасар қыз үйінен ойнауға шығып кеткен. Алайда, оны туыстары таба алмай қалған.

«Іздестіру барысында 6 жасар қыздың жеке үйдің ауласындағы дәретхананың шұңқырына түсіп кеткені анықталды. Шұңқырдың тереңдігі – 2 метр. Баланың өлі денесі дәретхана шұңқырынан кешкі сағат 21:50-де шығарылды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.