Атырауда 70 көлік жүргізушісі 1 млн 743 мың теңгенің айыппұлын төлемеген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 70 көлік жүргізушісі 1 млн 743 мың теңгенің айыппұлын төлемеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығының қызметкерлері «Іnterceptor» іздеу жүйесі арқылы айыппұлын төлемей жүрген 70 көлік жүргізушісін

анықтаған.

«Ұсталған көлік жүргізушілерінің төленбеген айыппұлы 1 млн 743 мың теңгені құрап отыр. Оның ішінде 52 көлік Ресей Федерациясында тіркелген. Армения Республикасында тіркеуде тұрған 9 көлік бар. Ал, бір көлік Қырғыз Республикасының есебіне алынған.

Атырау қаласындағы М.Баймұханов көшесінде тоқтатылған «Audi A4» маркалы автокөлігінің жүргізушісінде төленбеген 8 айыппұлы бары анықталды. Оның мөлшері – 119 мың 170 теңге. Айыппұлы төленбеген 70 көлік арнайы айып тұрағына қойылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 14 жастағы жасөспірім қызды көлік қағып кеткен болатын.


Соңғы жаңалықтар