Атырауда 750-ден астам видеобақылау камерасы іске қосылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда 758 видеобақылау камерасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырауда 750-ден астам видеобақылау камерасы іске қосылды

«Камералардың барлығы Атырау қаласы ІІД жедел басқару орталығына қосылған. Олар тек көшелерді ғана бақылап отырған жоқ, бақтарға, саябақтарға, қараңғы тұйық көшелерге, көппәтерлі тұрғын үйлердің аулаларына да орнатылды», - дейді өңірлік ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Ведомствоның хабарына қарағанда, облыс орталығындағы ең қызу 11 қиылысқа фототіркеуіштер қойылған. Олар автокөлік құралының жылдамдығын, жүргізушілер мен жолаушылар қауіпсіздік белдігін таққан-тақпағанын автоматты түрде анықтап отырады.