Атырауда 82 жастағы ақсақал коронавирустан жазылып кетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда коронавирустан айыққан ақсақал облыстық кардиологиялық диспансерге орналастырылды, деп хабарлайды Атырау облысында төтенше жағдай жөніндегі шұғыл штаб.​

Атырауда 82 жастағы ақсақал коронавирустан жазылып кетті

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлнафис Таңбаеваның айтуынша, 82 жастағы емделуші облыстық кардиологиялық диспансеріне жатқызылды. ​

«Екі жақты пневмония, яғни, өкпенің қабынуын тудырған коронавирус инфекциясы науқастың жүрек қан тамырларындағы ишемиялық ауруын қоздырып жіберді. Қазіргі таңда науқас кардиостимулятор аппаратына қосулы», - дейді Гүлнафис Таңбаева.​ ​

Бүгінгі таңда науқас тиісті ем қабылдап жатыр. Аритмологтар мен кардиологтардың бақылауында.​

Еске сала кетейік, бүгінде Қазақстанда 568 адам коронавирустан жазылсса, оның ішінде 31 науқас - Атырау облысында.