Атырауда 828 медицина қызметкеріне 160,476 млн теңге үстемеақы төленеді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 828 медицина қызметкеріне 160,476 млн теңге үстемеақы төленеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда 828 медицина қызметкеріне 160,476 млн теңге үстемеақы төленеді

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Атырау облысы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбектің мәліметіне сүйенсек, қыркүйектің қорытындысымен 828 медицина қызметкеріне 160,476 млн теңге көлемінде үстемақы төлеу жоспарланып отыр.

«Атырау облысында наурыз айында 857 медицина қызметкеріне 66,1 миллион теңгеге үстемақы төленді. Сәуірде 1080 медицина қызметкері 158,1 миллион теңге, мамырда 1429 медицина қызметкері 255,35 миллион теңге, маусымда 2019 медицина қызметкері 390,59 теңге көлемінде үстемеақы алды. Ал шілдеде 2475 медицина қызметкеріне 796,1 миллион теңге, тамызда 2205 медицина қызметкеріне 476,0 миллион теңге үстемеақы төленді» -дейді Сәбит Құралбек.

Оның айтуынша, үстемақы алатын медицина қызметкерлерінің тізімін өңірлердегі арнайы комиссия түзеді. Тізім дайын болғаннан кейін қор ай сайынғы қосымша төлемдерді төлеуге кіріседі. Қор бұл жұмысты 15 қазанға дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда емхананың есепшотынан 70 млн теңге ұрланғанын хабарлаған едік.