Атырауда адвокат үш жылға колонияға жіберілді
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда сот адвокаттың мүліктерін тәркілеп, жалпы режімдегі түзеу мекемесіне үш жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Алаяқтығына байланысты жазаны қарастыратын үкім заңды күшіне енді.
Қалалық прокуратурадан хабарлағандай, оның алаяқтық фактісі туралы бірнеше өтініштер келіп түскен. Алғашқы оқиғада қорғаушы өзіне жүгінген әйелге ескі үйді бұзу үшін әкімдіктен 36 млн. теңге өтемақы алып беруге уәде берген. Тағы бірінде 1200 доллар алып, жол-көлік оқиғасын жасаған адамға жүргізушілік куәлігін қайтарып алып беруге уәде берген. Қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған екі адамға көмек көрсетемін деп, олардан қызметіне 1 млн. 1000 мың теңге сұраған. Олжасын қалтасына басқан қорғаушы тайып тұрған.
Бұдан басқа, сотталған бұрынғы адвокат 1 жыл мерзімге қорғаушылық қызметпен айналысу құқығынан айырылды.