02:02, 21 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Атырауда Африканың 25 азаматы сот алдында жауап берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысында Африка Республикасының азаматтары Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 шетелдік Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 517-бабы 2-бөлігінде (Күнтізбелік бес күн өткеннен кейін заңнамамен белгіленген үш тәулікке дейінгі мерзімде ішкі істер органдарында тіркелместен ҚР аумағында болуымен көрініс тапқан шетелдіктердің ҚР-дың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) қарастырылған бұзушылыққа жол берген.
Сот үкімімен олардың барлығы кінәлі деп табылды, 20-сына әкімшілік айыппұл салынса, 5-еуі Қазақстан аумағынан шығарылатын болады.