Атырауда әкелі-балалы екеу Жайық өзеніне батып кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда әкесі мен жасөспірім ұлы Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы бүгін, 25 тамызда, сағат 16:08-де облыстық полиция департаментінің кезекшісіне хабар түскен.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары шақыр т у орнына жетіп, сағат 16:16-да суға батқандарды іздестіре бастады.

Суға батып кеткен ер адам 27 жаста болған. Оның ұлы 2013 жылғы.

«Әкесі мен баласының Жайық өзенінің суға түсуге жабдықталмаған тұсында батып кеткені анықталды. Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жергілікті уақытпен сағат 16:35-те 35 жастағы ер адамның денесін Жайық өзенінен тауып, жағаға шығарды. Ал, баланың денесі сағат 18:44-те табылды», -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Жайық өзеніне батып кеткен әкесі мен баласын іздестіру жұмыстарына төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері, 1 жүзу құралы, облыстық полиция департаментінің 10 қызметкері, 2 техникасы тартылды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Жайыққа батқан 7 жасар баланың мәйіті табылғанын жазған болатынбыз.

Қызылбалық ауылында тұратын 7 жасар бала Жайық өзеніне жақын тұрған қайықтың үстінде ойнап жүріп, өзенге құлаған. Құтқарушылар 7 жасар баланы бір күннен соң Жайық өзенінен тапты.



Соңғы жаңалықтар