Атырауда аламан бәйге өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіс күніне орай Атырау қаласы Ақтоғай ауылында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атырау облысы Махамбет ауданы əкімдігінің ұйымдастыруымен 9 мамыр күні өтетін мереке барысында аламан бәйге, көкпар тарту, сондай-ақ қазақ күресі, арқан тартыс, кір тасын көтеру және тағы басқа да спорт түрлерінен бəсекелер өтеді.
Бағдарлама:
11.00-12.00 - Көкпар тарту.
11.00-13.00 - Ұлттық спорт түрлерінен сайыстар (қазақ күресі, арқан тарту, кір тасын көтеру, т.б.
11.00-13.00 - Мерекелік концерттік бағдарлама
11.00-13.00 - 24 шақырымға аламан бәйге.