Атырауда әлем чемпионы Бекзат Нұрдəулетовтің алғашқы кəсіби жекпе-жегі өтеді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - 31 қазанда Атырауда әлем чемпионы Бекзат Нұрдəулетовтің алғашқы кəсіби жекпе-жегі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық бокс федерациясына сілтеме жасап.

Атырауда әлем чемпионы Бекзат Нұрдəулетовтің алғашқы кəсіби жекпе-жегі өтеді

Оның қарсыласы Танзания елінен келген 28 жастағы Ибрахим Маокола.

Сенбі, 31 қазан күні Атырауда «Suleimen Promotions» компаниясының бокс кеші өтеді. Шара аясында кәсіпқой бокстағы дебюттік жекпе-жегін қазақстандық үш боксшы өткізеді. Олар: 2019 жылғы жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов, Данила Семенов және 2017 жылғы Азия вице-чемпионы Абылайхан Жүсіпов.

Турнирге әлемнің басқа елінен келген спортшылар да қатысады. Жекпе-жек 6 раундқа есептелген.