Атырауда алғаш рет ҮЕҰ күні аталып өтті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда алғаш рет Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) күні аталып өтті. Азаматтық орталық Дүниежүзілік ҮЕҰ күніне орай «ҮЕҰ Hub» нетворкинг-алаңы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырауда алғаш рет ҮЕҰ күні аталып өтті

«Басты мақсат - түрлі секторлардағы үкіметтік емес ұйымдарды тартып, жас және кәсіби ҮЕҰ-ларға қолдау көрсету, тәжірибе алмасып, азаматтық сектор, бизнес-құрылымдар мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайту, серіктестік қатынастар орнату. Нетворкинг-алаңға 45 ҮЕҰ өкілі мен 30 бизнес өкілі жиналды», - деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, қазіргі таңда Атырау облысында 600 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Белсенді ҮЕҰ саны - 121.

А.Соколов