Атырауда алиментін төлемеген борышкерді тұтқынға алды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында Құрманғазы аудандық соты ұзақ уақыт бойы алиментін төлемеген ер адамды тұтқындады.
None
None

«Төрт баланың әкесінің алимент бойынша қарызы 650 мың теңгеден асып кеткен. Құрманғазы аудандық сотының шешімімен ол айына еңбекақысының жартысын және басқа да кірістерін төлей отырып, қарызын өтеуі тиіс болған. Алайда борышкер сот шешімінен кейін де алимент төлеуден жалтарып келген. ҚР ӘҚтК-нің 669-бабы бойынша борышкер 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды», - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар