Атырауда алтын той иелеріне құрмет көрсетілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда бірге 50 жыл өмір сүрген ерлі-зайыпты Мәрзия Кенжегереева мен Қабдыжан Дәулетовті салтанатты жағдайда құттықтады.

Атырауда алтын той иелеріне құрмет көрсетілді

Алтын мерейтой Неке сарайында аталып өтті, оған өмірлік жолдарын енді ғана бастаған жас жұбайлар да шақырылды.

«Біз бақытты адамдармыз. Біздің екі қызымыз бен ұлымыз, немерелеріміз бар. Біз үй тұрғыздық, көптеген ағаш ектік. Үйдің шаттығын көздің қарашығындай сақтау керек, отбасы - адам өміріндегі ең қымбат нәрселердің бірі», - деп жастармен сыр бөлісті Мәрзия Кенжегереева.

«Алтын той» иелеріне неке туралы жаңа куәлік және Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек Ожаевтың атынан құттықтау хат тапсырылды. Сосын әрине, мерейтой иелеріне алқызыл гүлдер мен сыйлықтар тарту етілді.