Атырауда аркаға кептеліп қалған ірі габаритті жүктің АМӨЗ-ге қатысы жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұған дейін хабарланғандай, Атырауда ірі габаритті жүк биіктікті шектейтін бағанға кептеліп тұрып қалған болатын.

Атырауда аркаға кептеліп қалған ірі габаритті жүктің АМӨЗ-ге қатысы жоқ

Аталмыш ірі габаритті жабдықтың Атырау мұнай өңдеу зауытына еш қатысы жоқ, деп мәлімдеді «Атырау мұнай өңдеу зауыты» (АМӨЗ) ЖШС-ның баспасөз қызметінен.

2016 жылы 29 қыркүйекте болған оқиға орнына зауыт мамандары барып, аталған жабдықтың зауытқа арналмағандығын анықтады. Ірі габаритті жабдықта «ПензХимМаш» жазуы болған. 

Мұнайды терең өңдеу кешені үшін жабдықтарды жеткізумен айналысатын «АМӨЗ» ЖШС-ның мердігерлері «ПензХимМаш» компаниясы мұнайды терең өңдеу кешенінің  құрылысы үшін жабдықтарды жеткізумен айналыспайтынын растады.