Атырауда әскерден досын күтіп алғандар айыппұл төлейтін болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда әскерден досын күткендер көлік терезесінен денесін шығарып жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сенсек, 30 маусым сағат 14:00 шамасында теміржол вокзалы маңында «Lexus RX», «Nissan Primera», «ВАЗ-2110» маркалы автокөліктер тоқтатылған.

«Тексеру кезінде аталған автокөлік жүргізушілері әскерден оралған 19 жасар жігітті теміржол вокзалынан күтіп алған. Сарбаздың әскерден оралғанына қуанған 18 және 19 жастағы үш жігіт қауіпсіздік белдігін тақпастан автокөлік терезесінен, үстіңгі ойығынан денесін шығарып, жол ережесін бұзған. Осыған байланысты үш жігітке ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 615-бабының 1-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 5 834 теңге көлемінде айыппұл салынды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, үш көліктің жүргізушісіне ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 593-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 14 585 теңге көлемінде айыппұл салынған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Құлсарыда көлік терезесінен денесін шығарғандар жазаланғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар