15:09, 18 Қазан 2017 | GMT +5
Атырауда атом өнеркәсібіне арналған бағаналар шығарылады
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда атом өнеркәсібіне арналған бағаналар шығарылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бұл біздің жұмысымыздың тағы бір перспективалы бағыттарының бірі. Соңғы жылдары біз қазақстандық мұнай компанияларына ғана емес, ТМД елдеріне де тасымалдайтын мұнай өнеркәсібі үшін стандартты емес аса ауыр жабдықтар шығаруды игердік. Мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алып, жаңа жабдықтар сатып алдық. Тағы екі жаңа цехты салып жатырмыз. Жабдықтау монтажы мен цех құрылысы аяқталғаннан кейін, зауыт тау-кен өнеркәсібі, энергетика және атом өнеркәсібі үшін ауыр техника өнімдерін шығаратын болады», - деді машина жасау зауытының директоры Александр Донсков.
Қазіргі таңда Атырау машина жасау зауыты 4 млрд теңгеге тапсырыс алды.
Фото https://doska-atyrau.kz