Атырауда «Atyrau Marathon - 2018» өтіп жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудағы биылғы марафонға 3 мыңнан астам адам қатысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырауда «Atyrau Marathon - 2018» өтіп жатыр

«Қазақстанда спорттың жалпы көпшілік қатысатын түрлерін дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Атырау облысында былтырдан бері марафон ұйымдастырылып келеді. Біз үшін бұл үлкен жауапкершілік. Ауқымды спорт шарасы қатысушылардың есінде ұзақ сақталады деп үміттенеміз. Атырау марафонына қатысушылардың саны артып, географиясы кеңейіп жатқаны қуантады. Марафон тек спорт жарысы ғана емес, сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстануға баулитын ықпалды шара ретінде де зор мәнге ие», - дейді дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет.

Атырауда марафоншылар 42 км, 10 км және 4,5 км қашықтықтар бойынша жарысуда.

Оның жалпы жүлде қоры 4 миллион теңгені құрайды.