Атырауда автобус қаққан жаяу жүргінші көз жұмды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАпарат - Атырау қаласында автобус қаққан жаяу жүргінші көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 23 мамырда сағат кешкі 20:00 шамасында Вокзал маңы шағын ауданында болған.
«Жаяу жүргінші Берғалиев-Баймұханов көшелерінің қиылысындағы жолды белгіленбеген жерден өтпек болған. Сол кезде оны автобус қаққан. Өкінішке қарай, Атырау қаласының 1994 жылы туған тұрғыны оқиға орнында көз жұмды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір аталған жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу басталды.
Соңғы жаңалықтар