Атырауда автобус қаққан жаяу жүргінші мерт болды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында қоғамдық көлік қаққан жаяу жүргінші оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Жол-көлік оқиғасы 17 қарашада жергілікті уақытпен сағат 21:00 шамасында болған.

«Атырау қаласынан Индер ауданы бағытына салынған күре жолдың бойында орналасқан «Көктем» шағынауданына қатынап жүрген Youtong маркалы қоғамдық көлік жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жаяу жүргінші аталған шағынауданның №27 көшесіндегі жолдың белгіленбеген тұсынан өтіп бара жатқан. Апаттан 1988 жылғы жаяу жүргінші оқиға орында мерт болды. Ал, қоғамдық көліктің рулінде 37 жастағы жүргізушінің болғаны анықталды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір полиция қызметкерлері аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тиісті іс құжаттары жиналып жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында жыл басынан бері жол апатынан 78 адам мерт болғанын хабарлаған едік.

Жол апатынан 340 адам әртүрлі дене жарақатын алған. Өткен жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғасы 17, адам өлімі 36, дене жарақатын алғандар саны 18%-ға өскен.

Сондай-ақ, ата-анасының рұқсатынсыз көлік жүргізген жасөспірімдердің кесірінен 6 жол апаты болған. Жол апатынан 1 жасөспірім қаза тауып, 9-ы зардап шеккен.


Соңғы жаңалықтар