Атырауда автобус жүргізушілері бір күнде 170 рет ереже бұзған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда автобус жүргізушілері бір күнде ережені 170 рет бұзған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда автобус жүргізушілері бір күнде 170 рет ереже бұзған

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір аумағында 20 қаңтардан бері «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

«Іс-шараның алғашқы күнінде облыста автобустарға қатысты 170 заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде 42 автобус жүргізуші маневр жасау қағидаларын бұзған. Сондай-ақ, 38 жүргізушінің рульде телефонмен сөйлескені белгілі болды. Көлік жылдамдығын асырған 8 жүргізуші жауапқа тартылды. Ал, 19 автобус міндетті техникалық тексеруден өтпеген болып шықты», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда мас болып көлік жүргізген 558 жүргізуші жазаланған болатын.