21:52, 13 Наурыз 2020 | GMT +5
Атырауда автобустарды дезинфекциялау басталды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда жолаушы тасымалдайтын автобустарды дезинфекциялау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазір Атырау қаласында жолаушы тасымалымен 8 кәсіпорын айналысады. Олар күн сайын жолаушы тасымалдау үшін 26 маршрутқа 160-тан астам автобус шығарады» -деп хабарлады Атырау қалалық әкімдігінің баспасө қызметінен.
Автобустарға соңғы аялдамаларда дезинфекциялау жүргізілуде. Кондукторлар автобус салонына санитарлық тазалау шарасын жүргізіп, арнайы сұйықтықпен өңдейді.
«Парктен шығарда автобус салонын хлор ерітіндісімен, жолаушылар отыратын орындықтар мен тұтқаларды сүртеміз. Біздің маршрут Балықшы шағын ауданы - Теміржол вокзалы аралығында қатынайды. Әр рейстен соң екі аялдамада автобус салонына дезинфекция жасаудамыз», - деді №2-маршрутта қатынайтын автобустың кондукторы Айгүл Жанғалиева.