Атырауда автокөлік жолдарын жаңбыр суы басты

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда автокөлік жолдарын жаңбыр суы басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда автокөлік жолдарын жаңбыр суы басты

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 10 наурызда толассыз жауған жаңбыр суының деңгейі 25-30 см-ге жеткен.
«Атырау қаласының аумағында жауын-шашынның көп жаууынан жерасты суы көтерілді. Салдарынан көшелердегі автожолдарды су басты. Соған байланысты сағат 17:05-тен бастап шаһардағы жеке тұрғын үй айналасынан су сору жұмыстарын жүргізді. Авариялық-құтқару жұмыстарына төтенше жағдайлар департаменті (4 қызметкер, 1 мотопомпа) мен «Спецавтобаза» ЖШС (2 қызметкер, 1 техника) жұмылдырылды.
Сағат 19:25-ке дейін 1,5 текше метр су сорылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.