Атырауда азаматтық-құқықтық дауларды шешудің баламалы үлгісі туралы семинар болды
АЛМАТЫ. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Атырауда республикалық және жергілікті сауда-өнеркәсіп палаталарының ұйымдастыруымен "Төрелік азаматтық-құқықтық дауларды шешудің баламалы үлгісі ретінде" деп аталатын семинар өтті. Бұл туралы ҚР Сауда өнеркәсіп палатасы таратқан хабарламада айтылған.
"ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы бұл шараға ерекше мән беруде. Біздің міндетіміз қазақстандық және шетелдік кәсіпкерлердің қарым-қатынасын өзгертіп, төрелік сотқа (арбитражға) сенуге шақыру. Сондай-ақ бұл институтты республикада одан ары дамыту. Төрелік соттардың болуы Қазақстанның құқықтық мемлекет ретіндегі халықаралық абыройын да өсіреді", -дейді ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті Ғалым Аманжолов.
Оның айтуынша, бұл шараға ҚР Жоғарғы сотының және облыстық, қалалық соттарының өкілдері, ҚР Сауда-өнеркісіп палатасы жанындағы Халықаралық төрелік және Аралық (третейский) сот төрағаларының орынбасарлары, заңгерлер, адвокаттар және бизнес құрылымдардың өкілдері қатысты.