Атырауда азық-түлік жәрмеңкелері күн сайын ұйымдастырылатын болды

АТЫРАУ. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ -Атырау қаласында Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағаларының өсуіне жол бермеу үшін бұрында тек демалыс күндері өткізілген жәрмеңкелерді күнделікті етуге шешім қабылданды.
None
None

Облыс әкімінің орынбасары Болат Даукеновтың хабарлауынша, жәрмеңкелерді азық-түлікті бюджеттен бөлінген қаражатқа «Атырау» ӘКК-сы өткізеді. Бір келі картоптың бағасы 63 теңгені құрады, сәбіз - 65, пияз - 63, орамжапырақ - 60, қызылша - 63, кілегей майы - 300, қарақұмық - 220, тары жармасы - 75, сұлы жармасы - 108, өсімдік майы - 297, он жұмыртқа - 107, күріш - 120, макарон - 110 теңге.

«Бұл басқа сауда орындары мен базарлардағы саудагерлер бағаларды өсіріп жібермеуі үшін», - деп түсіндірді күнделікті жәрмеңкелердің өткізу себебін Б.Даукенов.

Соңғы жаңалықтар