Атырауда балабақшаларды ашады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда мектепке дейінгі балалар мекемелері ашылып, азық-түлік емес тауарлар сататын дүкендер жұмысын бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда балабақшаларды ашады

Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиевтің қаулысына сәйкес, 18 мамырдан бастап мектепке дейінгі балалар мекемелері, жазылу арқылы 5 адамнан аспайтын репетиторлық, тілдік және өзге де үйірмелердің жұмыс істеуіне рұқсат беріліп отыр. Сондай-ақ, ауданы 2 мың шаршы метрден аспайтын азық-түлік емес тауарлар сататын дүкендер де ашылады.

Аталған кәсіпкерлік нысандарының барлығы таңертеңгі сағат 10:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Ал, 20 мамырдан бастап меншік нысанына қарамастан барлық балабақшаларда кезекші топтарды ұйымдастыруға рұқсат берілді. Балабақшаларға балаларды әкелу үшін ата-анасының екеуі де, немесе қамқоршылары мен асырап алушылар жұмыс істейтіні туралы анықтаманы көрсетуі тиіс.