Атырауда балаға қол жұмсаған тәрбиеші сотта жауап берді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда балаға қол жұмсаған тәрбиешіге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырауда балаға қол жұмсаған тәрбиеші сотта жауап берді

«Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында Жұлдыз шағынауданындағы жеке балабақшаның тәрбиешісіне қатысты іс тыңдалды. Тәрбиешіге қызды ұрып-соқты деген айып тағылды. Сот-медициналық сараптама баланың денесі жеңіл жарақаттанғанын көрсетті. Ем алу қажет болған. Тәрбиешінің кінәсі видеобақылау камерасындағы жазбамен дәлелденді. Ол ҚР Әкімшілік кодексінің 73-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана жеңіл зақым келтіру) бойынша кінәлі деп танылды. Оған 26 513 теңге көлемінде айыппұл тағайындалды», - деп хабарлады әкімшілік соттың баспасөз қызметінен.

Авторы А.Соколов