Атырауда балық аулау кооперативіне заңсыз балық аулады деген күдік тағылды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудағы «Тілекші» өндірстік балық аулау кооперативіне заңсыз балық аулады деген күдік тағылуда, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы Құрманғазы ауданында су қоймаларының бірінен «Тілекші» өндірстік балық аулау кооперативіне тиесілі кемені ұстады. Кемеде кооперативтің үш мүшесі болды және 2 тонна ауланған частик балықтары тәркіленді. Олардың балық аулауға рұқсат құжаттары болмады, құқық қорғау органдары броконьерлік фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесін шешуде», - деп хабарлады инспекцияның ресми өкілі Олег Тушканов.