Атырауда балықтардың жаппай қырылу себебі анықталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Жайық өзеніндегі балықтардың жаппай қырылу себебі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Зертханалық тексерулердің нәтижесі бойынша, өзен балықтарының жаппай қырылуына аммиактың улы құрамының көп болуы себеп болған. Атырау облысы экология департаментінің зерттеу қорытындысы Жайық өзені суында хлоридтің шекті рұқсат етілген концентрациясы жоғары екендігін анықтады», - деді АШМ балық ресурстары және аква дақылдарды дамыту басқармасының басшысы Қыдырбек Исқалиев.

Еске сала кетсек, өткен жылы желтоқсан айында Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі балықтардың жаппай қырылып жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.


Автор: А. Соколов

Соңғы жаңалықтар