Атырауда Батыс Қазақстан облысының күндері өтуде

Алдымен Атырау облысы әкімдігінде екі өңір делегациялары кездесіп, кәсіпкерлікті дамыту, аймақаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
Батысқазақстандық делегацияны жылы шырайда қарсы алған Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өндірістік әлеуетімен таныстырды.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов ежелден бір-бірімен аралас көршілес өңірлер арасындағы өзара тиімді байланысты одан әрі нығайтып, ел экономикасын дамытуда бірлесе күш-жігер жұмсаудың маңызы зор екендігін атап өтті.
Екі облыстың кәсіпкерлері де сөз алып, іс-тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті мәселелерге тоқталды.
Жиын соңында қос облыс басшылары өңіраралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі меморандумға қол қойды. Оған қоса Атырау мен Батыс Қазақстан облыстары бірқатар кәсіпорындарының басшылары мен кәсіпкерлер де екі жақты меморандум жасасты.
Батысқазақстандық делегация сапар барысында Атырау облысының өнім өндіретін және өңдейтін кәсіпорындарында болмақшы. Сондай-ақ күндер аясында Батыс Қазақстан облысының өнер шеберлері концерт қояды.
Бұдан кейін осындай сапар Маңғыстау облысында жалғасады.