Атырауда «Бекіре-2017» акциясының нәтижесінде 93 қылмыстық іс қозғалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырауда өткен «Бекіре-2017» акциясының нәтижесінде 93 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Атырау облысының прокуроры Ғалымжан Тоғызбаев мәлім етті.
Спикердің айтуынша, қозғалған 34 іс сотқа жолданған. «Акция аясында жалпы көлемі 9,6 миллион теңге болатын әкімшілік айыппұл салынды. Бүгінгі таңда оның 9,3 миллион теңгесі өндірілді. Сонымен қатар, барлығы 54,4 тонна болатын балық және 29 килограмм бекіре уылдырығы тәркіленді», - деп атап өтті Атырау облысының прокуроры Ғалымжан Тоғызбаев.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА