Атырауда бекіре тұқымдас балықтар қырылып жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда бекіре тұқымдас балықтардың өлігі тіркелді. Бұл жағдай Жайық өзеніндегі балықтардың қырылуымен байланысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Бұл туралы Атырау облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы басшысының орынбасары Арман Молдашев мәлімдеді.

Бекіре тұқымдас балықтардың қырылуы «Луговой жылқы зауыты» мен Жайық-Атырау бекіре өсіру зауытында тіркелген.

«Луговой жылқы зауытында» 100-ге жуық бекіре тұқымдас балық өлген. 2 мыңға жуық балықтың жағдайы шалажансар. Жайық-Атырау бекіре өсіру зауытында 25 бағалы балықтың өлгені анықталды, 30 балық шалажансар. Бұл жағдай Жайық өзеніндегі балықтардың қырылуымен байланысты, себебі балық өсіру шаруашылығына өзен суы пайдаланылған. Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, экологтар мен қоғамдық денсаулық қорғау басқармасының мамандары Жайық өзеніне су төгетін мекемелердің бәрін тексереді»,-дейді Арман Молдашев.

Айта кетейік, қазір ведомствоаралық комиссия Жайық өзеніндегі балық өлімінің себептерін анықтау үстінде. Балық қырылу дерегі бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Суға жүргізілген зертханалық зерттеулер Жайық суының тұрғындар үшін қауіпсіз екенін көрсетіп отыр.

Соңғы жаңалықтар