Атырауда бес адам донорлық жүрек трансплантациясы кезегінде тұр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда бес адам донорлық жүрек трансплантациясы кезегінде тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда бес адам донорлық жүрек трансплантациясы кезегінде тұр

Атырау облыстық кардиология орталығы директорының орынбасары Сандуғаш Жұмағалиеваның айтуынша, осы кезге дейін үш адамға жасанды жүрек трансплантациясы жасалған.

«Оның екеуі – Атырау қаласының тұрғыны, біреуі Жылыой ауданында тұрады. Үшеуі де кардиология орталығы мамандарының бақылауына алынды. Қазір облыста жүрек трансплантациясын күту парағында бес адам бар. Олар – жасанды сол жақ қарыншасы мен ауыр жүрек дертіне ұшыраған адамдар. Жүрекке отаның қажеттілігін мәлім еткен адамдарды ғана айтып отырмын. Шын мәнінде жүрек трансплантациясына мұқтаж адамдар көп болуы мүмкін» - дейді Сандуғаш Жұмағалиева.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда туа біткен патологиясы бар балаға күрделі ота жасалғанын хабарлаған едік.