Атырауда бес күнде 800-ге жуық медицина қызметкері вакцина алды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында ақпанның 1-5 аралығында 758 медицина қызметкері коронавирус инфекциясына қарсы вакцина қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Вакцина ең алдымен инфекция жұқтыру қаупі бар саналатын медицина мамандарына салынып жатыр. Яғни жұқпалы аурулар ауруханалары мен жансақтау бөлімі, қарқынды терапия бөлімшелерінің дәрігерлері, жедел жәрдем қызметкерлері мен емханалардағы мамандарға ең алдымен екпе салынған», делінген хабарламада.
Айта кетейік, өңірде коронавирус індетіне қарсы 24 екпе орны ашылған.


Соңғы жаңалықтар