Атырауда бір аптада айыппұлы төленбеген 42 көлік тұраққа қойылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда бір аптада айыппұлы төленбеген 42 көлік айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, бір аптада қала аумағында айыппұлы төленбеген 42 автокөлік анықтаған.

Оның ішінде ресейлік - 36, Армения елінен әкелінген - 4 автокөлік болса, Қырғызстаннан жеткізілген 1 автокөлік бар.

Бұл көліктердің жүргізушілері жылдамдықты асыру, жол белгісі талаптарын орындамау, бағдаршамның тиым салынған түсінен өту қағидаларын бұзған.

Бұл деректер «Сергек» камералары арқылы дәлелденген.

«Мәселен, 20 шілде сағат 22:30 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері 1990 жылғы азаматтың басқаруындағы «Мерседес» маркалы автокөлігі тоқтатқан. Тексеріс кезінде Арменияда тіркелген автокөлік жүргізушісінің 320 870 теңгені құрайтын 11 айыппұлы төленбегені анықталды», -дейді департамент бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда бір аптада 13 мас жүргізуші ұсталған болатын.

Соңғы жаңалықтар