Атырауда бір аптада хабар-ошарсыз кеткен 12 бала үйіне қайтарылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда полицейлер бір аптада хабар-ошарсыз кеткен 12 жасөспірімді үйіне қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда бір аптада хабар-ошарсыз кеткен 12 бала үйіне қайтарылды

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 2-8 тамыз аралығында 102 операторына жасөспірімдердің хабар-ошарсыз кетуіне байланысты 12 хабар түскен.

«Полиция қызметкерлері 12 жасөспірімді 2-3 сағатта іздеп тауып, ата-анасына табыстады. Мәселен, 3 тамыз сағат 23:00 шамасында «Нұрсая» шағын ауданының тұрғыны көпқабатты үйдің бірінің маңынан адасып жүрген 4 жастағы баланы тауып алғанын хабарлады. Полицейлер адасқан баланың ата-анасын дереу іздеп тапты» -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Төрт жасар баланың ата-анасына түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын-жайдан тыс жерде жүруіне жол бергені үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 442-бабының 2-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда жоғалған балалар табылғанын хабарлаған болатынбыз.