Атырауда бір күнде жоғалған 6 бала табылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда бір күнде із-түзсіз жоғалған 6 бала табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары барлық баланы сол күні тауып, үйіне қайтарған.

«Атырау қалалық полиция басқармасының кезекші операторына 1 мамырда жасөспірімдердің, соның ішінде балалардың тұрғылықты мекенжайынан белгісіз бағытқа шығып кетіп, хабар-ошарсыз жоғалу дерегімен 6 хабар түсті. Мәселен, 38 жастағы әйел сағат 17:00 шамасында полицияның 102 арнасына 4 жасар ұлының жоғалғаны туралы хабар берген. Полиция қызметкерлері жоғалған баланы жедел іздестіру іс-шарасын жүргізді. Балақай 2 сағатта табылды. Кейін 4 жасар баланың ойнап жүріп, әжесінің үйіне кетіп қалғаны анықталды. Бірақ, бұл туралы анасы білмеген.

Тәртіп сақшылары Атырау қаласында із-түзсіз кеткен 6 жасөспірімнің бәрін сол күні 1-2 сағаттың ішінде тауып, отбасына қайтарды. Белгілі болғандай, жоғалған балалар ата-ана қарауынсыз қалған», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері ата-аналарға қырағы болып, балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертіп отыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда әжесінен адасып қалған 5 жасар бала жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар