Атырауда бір мезетте тұрақта тұрған екі жүк көлігі өртеніп кетті

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда бір мезетте тұрақта тұрған екі жүк көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін, 25 ақпанда сағат 08:01-де Атырау қаласында тұрақта тұрған екі шетелдік жүк көлігінен өрт шыққан.

«Атамбаев көшесінің бойында кәсіпорын аумағында «Mersedes» және «Renault Magnum» маркалы жүк көліктерінің кабинасы өртенді. Екі көлікте де жүк болмаған. Өрт сағат 08:33-те оқшауланып, сағат 08:35-те сөндірілді. Жалынды сөндіруге 11 өрт сөндіруші мен 2 арнайы техника жұмылдырылды», -деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында көліктен шыққан өрт тұрғын үйді шарпығанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар