Атырауда бір тәулікте 86 адамнан коронавирус табылған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін Атырау облысында тағы 86 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда бір тәулікте 86 адамнан коронавирус табылған

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың хабарлауынша, қауіпті індетке шалдыққандар ішінде 84 адам – Теңіз кен орнынан шығар алдында скринингтен өткен жұмысшылар.

«Тағы екі науқас – 1986, 1997 жылғы әйелдер. Олар - провизорлық стационарға жұмыс бабымен жіберілген облыстық аурухананың санитары мен лаборанты» - деп хабарлады жедел штабтан.

Еске сала кетелік, 18 мамырда Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 627 адамға жетті.

Ал, қауіпті індеттен жазылғандар –165 адам.